Accessibility links

Астана Барселонадағы шабуылды айыптады


Барселонадағы шабуыл орны. Испания, 17 тамыз 2017 жыл.
Барселонадағы шабуыл орны. Испания, 17 тамыз 2017 жыл.

Қазақстан 17 тамызда Барселонада 13 адам қаза тауып, ондаған адам жараланған террорлық шабуылды қатаң айыптайды. Бұл туралы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Испания королі төртінші Филпике жолдаған көңіл айту телеграммасында айтылады.

Барселонаның орталығында 17 тамыз күні кешке шағын жүк көлігі көпшілік адамды соғып, кем дегенде 13 адам қаза тауып, жүзден астам адам жараланған. Дәрігерлер жаралылардың кейбірінің халі ауыр екенін айтады.

"Қазақстан бейбітшілік пен қауіпсіздікке қарсы тағылық шабуылды үзілді-кесілді түрде айыптайды және терроризммен күрестегі ғаламдық ынтымақтастықты қолдайды" делінген президент әкімшілігі жариялаған телеграммада.

XS
SM
MD
LG