Accessibility links

Ақтөбеде трансплантация дауына байланысты қозғалған іс тоқтатылды


Трансплантация дауына ұрынған мекеме - Ақтөбе қалалық медициналық жедел жәрдем ауруханасының сырт көрінісі. 8 шілде 2017 жыл. (Көрнекі сурет)
Трансплантация дауына ұрынған мекеме - Ақтөбе қалалық медициналық жедел жәрдем ауруханасының сырт көрінісі. 8 шілде 2017 жыл. (Көрнекі сурет)

Ақтөбенің Зауыт полиция бөлімі марқұм Серікболсын Көшербайдың ішкі органдарының трансплантациялануына байланысты туыстарының шағымынан соң қозғалған істі қылмыс құрамының жоқ болуына байланысты тоқтатты деп хабарлады облыстық прокуратураның аппарат басшысы Жасұлан Дәулембаев.

«Соталды тергеуі барысында дәрігерлердің әрекетіне құқықтық зерттеу жасалып, баға берілді. Тергеудің пайымынша, мәйіттік донорлыққа қатысты тәртіп бұзылмаған. Қазір прокуратура қабылданған шешімнің заңдылығын тексеріп жатыр» дейді Жасұлан Дәулембаев.

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Алтай батыр ауылының 23 жастағы тұрғыны, марқұм Серікболсын Көшербайдың туыстары бұған дейін облыстық денсаулық сақтау департаменті мен облыстың бас хирургын сотқа берген.

Шағымданушы Балдәурен Нұрлыбаеваның айтуынша, ағасы Серікболсын Көшербай ауыр ми жарақатымен Ақтөбедегі жедел жәрдем ауруханасына жеткізіліп, 4 маусымда сол жерде көз жұмған. Сол күні туыстарына Серікболсын Көшербайдың қайтыс болғанын хабарлаған. Туыстары «ол қайтыс болғанға дейін аурухана жанында болғанын, бірақ ешкім өздеріне Серікболсын Көшербайдың ішкі органын алдық деп хабарламағанын, оның ішкі органдарын туыстарының рұқсатынсыз трансплантациялағанын» айтып наразы болған.

Сотқа ұласқан дау Ақтөбе облысының бас хирургі Ерлан Сұлтангереевтің "туыстары мәйіттің ішкі ағзаларын алуға рұқсат етті" деген сөзінен шығып, ағайындар біріне-бірі күмәнмен қарай бастаған. Ол сот бітіммен аяқталған.

XS
SM
MD
LG