Бішкекте Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті. Жиында президент сайлауына дайындық талқыланды. Отырыста Атамбаев "сайлау ашық әрі таза өтуі керек. Сонда ғана халық оның қорытындысын қабылдайды" деді.
Премьер-министрдің орынбасары Дуйшенбек Зилалиевтің айтуынша, сайлауда тоғыз жарым мың полиция мен тоғыз мың ерікті қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
8 қыркүйектегі дерек бойынша, биометриялық тіркеуден үш миллионнан астам Қырғызстан азаматы биометриялық тіркеуден өтіп, оның екі миллион 935 мың 293 адам сайлаушылар тізіміне енгізілген.
Қырғызстандағы президент сайлауы 15 қазанда өтеді. Қырғызстан конституциясына сай президент алты жыл уақытқа сайланады. Президент екінші рет сайлауға түсе алмайды. Қазіргі президент Атамбаевтың өкілеттілігі 1 желтоқсанда аяқталады.