Accessibility links

Ирак соты Күрдістан тәуелсіздігі туралы референдумға тоқтам салды


Ирактың Күрдістан автономиялық аймағы тұрғындары тәуелсіздік туралы референдум өткізуге қолдау білдіріп тұр. Эрбиль, 16 қыркүйек 2017 жыл.
Ирактың Күрдістан автономиялық аймағы тұрғындары тәуелсіздік туралы референдум өткізуге қолдау білдіріп тұр. Эрбиль, 16 қыркүйек 2017 жыл.

Ирак жоғарғы соты елдегі Күрдістан автономиялық аймағы билігінің 25 қыркүйекте Күрдістан тәуелсіздігі туралы референдум өткізу жөніндегі шешімнің күшін жойды.

Дүйсенбі күні жарияланған жоғарғы сот қаулысында референдум өткізуге дайындық шаралары жоспарланған плебисциттің "конституцияға қаншалықты сәйкес" екендігі туралы мәселе айқындалғанша тоқтатылатыны айтылған.

Ирак қарулы күштері "Ислам мемлекеті" террорлық тобына қарсы операция жүргізіп жатқан шақта референдум өткізу назарды басқаға бұрып, аймақтағы тұрақсыздыққа себеп болуы мүмкін деп алаңдаған БҰҰ мен АҚШ Ирактың Күрдістан автономиялық аймағының билігін тәуелсіздік туралы референдум өткізуден бас тартуға шақырған.

Ирак Күрдістанының тәуелсіздігі туралы референдум өткізуге Түркия мен Иран да қарсы. Анкара мен Тегеран бұл шара осы елдерде тұратын күрд азшылығы арасында сепаратистік көңіл-күйді күшейтуі мүмкін деп қауіптенеді.

XS
SM
MD
LG