Азат Еуропа/Азаттық радиосы (АЕ/АР) медиакорпорациясы және оның Мәскеудегі бюросы (Радио Свобода) Ресей әділет министрлігінен ресми хат алды. Министрліктің коммерциялық емес ұйымдар департаментінің директоры Владимир Титов қол қойған хатта корпорация журналистеріне шектеу қойылуы мүмкін екендігі жазылған.
Дәл осындай хатты медиакорпорацияның басқа да жобалары – "Idel.Реалии" сайты мен "Настоящее время" телеарнасы да алған. АЕ/АР вице-президенті және бас редакторы Ненад Пежичтің жауабында медиакорпорация құрамындағы Радио Свобода, "Настоящее время" телеарнасы және "Idel.Реалии" сайты саяси емес, журналистік ұйым екендігі айтылған.
Кремль 6 қазанда Ресей аумағында жұмыс істейтін бірқатар америкалық ақпарат құралдарының қызметіне шектеу қойылуы мүмкін екендігін ескерткен.