Accessibility links

Сирия армиясы ИМ-нің соңғы бекінісін алайын деп тұрғаны хабарланды


Сирия үкіметін қолдайтын күштердің сарбаздары Дэйр әл-Зор қаласында жүр. Сирия, 4 қараша 2017 жыл.
Сирия үкіметін қолдайтын күштердің сарбаздары Дэйр әл-Зор қаласында жүр. Сирия, 4 қараша 2017 жыл.

Сирия үкіметінің әскері мен оны қолдайтын күштер "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының Сириядағы соңғы бекінген қаласы - Абу-Камальді басып алайын деп тұр. Бұл туралы Сирияның мемлекеттік ақпарат құралдары мен бақылаушы топтар хабарлады. Сирияның мемлекеттік SANA агенттігі Абу-Камаль қаласы үшін шайқас соңғы шегіне жетіп қалғанын хабарлады.

Syrian Observatory for Human Rights ұйымының хабарлауынша, Сирия армиясы мен оған одақтас күштер иракшыл "Халықтық модилизация күштерімен" бірге қалаға шабуылдап, кейбір бөліктеріне бақылау орнатып үлгерген.

Абу-Камаль Сирияның Иракпен шекарасында орналасқан. Сирия үкіметінің әскері мен оны қолдайтын "Хезболла" тобының жасақтары қалаға батыс жағынан, ал Ирак жағынан соғысып жатқан шиит көтерілісшілері шығыс жағынан кірген.

Биыл басып алған қалалары мен территорияларынан шетінен айырылып жатқан ИМ Евфрат өзені бойындағы орталығы Абу-Камаль қаласы болатын шағын ғана территорияны сақтап қалған болатын. ИМ 2015 жылы билігі ұлғайған шағында Ирак пен Сирия территориясының үштен біріне иелік етіп тұрған.

XS
SM
MD
LG