Accessibility links

Ирак армиясы Сириямен шекарада ИМ содырларының ізіне түсті


Ирак премьер-министрі Хайдар әл-Абадидің Әл-Каим қаласына әскерилермен бірге ту тігіп тұрған сәті. Ирак, 5 қараша 2017 жыл.
Ирак премьер-министрі Хайдар әл-Абадидің Әл-Каим қаласына әскерилермен бірге ту тігіп тұрған сәті. Ирак, 5 қараша 2017 жыл.

Ирак армиясы Сириямен шекаралас ауданда "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының содырларына қарсы операция бастағанын мәлімдеді. "Операцияның мақсаты - ИМ-нің қалған күштерінің шөлейт аймақтарға бөлініп-бөлініп орналасуына кедергі келтіру және болашақта ол жерлерден шабуыл жасауының алдын алу" деді Ирак армиясының полковнигі Салах Карим Reuters агенттігіне.

Ирак қорғаныс министрлігі өткен аптада Ирак әскері АҚШ бастаған коалицияның қолдауымен ИМ-нің Ирактағы бақылауда ұстаған соңғы қаласы Рава қаласын азат еткенін хабарлаған.

Ирак премьер-министрі Хайдар әл-Абади 21 қарашада әскери тұрғыда ИМ-нің жеңілгенін, ал топтың толық күйрегені туралы ИМ күйреп, содырлары бас сауғалап кеткен соң жарияланатынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG