Accessibility links

Еуропарламент Польшадан депутаттар қауіпсіздігін сақтауды сұрамақ


Антонио Таяни, Еуропа парламентінің президенті.
Антонио Таяни, Еуропа парламентінің президенті.

Еуропа парламентінің президенті Антонио Таяни Польша премьер-министрі Беате Шидлодан Еуропа парламентіндегі польшалық депутаттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді сұрайтынын мәлімдеді. Таяни Twitter-де Беате Шидлоға Еуропа парламенті депутаттарының "саясаткерлердің портреттерін асып қойған ерсі әрекеттерімен жеккөрініштілік тудырып отырғандар" тарапынан қауіп-қатерге ұшырамай, өз пікірін еркін білдіру құқығын қамтамасыз етуді сұрап хат жазатынын айтты.

25 қарашада Катовице қаласында ондаған адам Еуропа парламентінің 11 қарашада Варшавада Польша тәуелсіздігі күні өткізген "ксенофобиялық және фашистік сарындағы маршын" айыптайтын қарарын қолдаған саясаткерлердің портреттерін асып қойған.

Еуропа Одағы (ЕО) мен құқық қорғау ұйымдары Польшаның консервативтік және ЕО-ға күмәнмен қарайтын үкіметін 11 қарашада әсіре оңшылдардың марш өткізуіне рұқсат бергенін сынаған. Акцияға қатысушылар "Таза қан, анық ақыл", "Еуропа ақтардікі болады немесе ешкім тұрмайтын құрлық болады" деген сияқты нәсілшіл ұрандар айтқан.

Іс басындағы "Құқық және әділеттілік" партиясының жетекші өкілдері митингіде жеккөрушілікті қоздырғандарды айыптаған өзге саясаткерлерге қосылған, бірақ сыншылар олардың жауабы тым әлсіз болғанын айтады. "Құқық және әділеттілік" партиясының үкіметі билікке келген екі жылдан бері Брюссельмен жиі тәжікелесіп жүр. Премьер-министр Беата Шидло Катоыице болған оқиғаны айыптаса да, егер Таяниден хат алса, одан "Еуропа парламентінде Польшаға тіл тигізіп, жала жабатын депутаттарды қадағалауды" сұрайтынын да айтты.

XS
SM
MD
LG