Accessibility links

Лола Каримова-Тилляева: ЮНЕСКО-дағы елші қызметімнен кетемін


Лола Каримова-Тилляева.
Лола Каримова-Тилляева.

Өзбекстанның бірінші президенті Ислам Каримовтің кіші қызы Лола Каримова-Тилляева республиканың ЮНЕСКО-дағы елшісі қызметінен кететінін мәлімдеді. Лола Каримова-Тилляева 2 ақпанда Facebook-те жариялаған жазбасында бүгін Өзбекстанның ЮНЕСКО-дағы елшісі ретінде соңғы күн жұмыс істейтінін хабарлады.

Каримова-Тилляева жазбасында 2008 жылдан бері Өзбекстан мен Орталық Азия аймағының бірталай мәдени мұрасы ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізілгенін айтады.

Каримова-Тилляева гуманитарлық салада, оның ішінде Өзбекстандағы балаларға көмек көрсету бағдарламасы бойынша жұмыс істей беретінін жазды.

Лола Каримова-Тилляева ЮНЕСКО-дағы елші қызметінен кететінін алғаш 2017 жылы тамызда жариялаған. Ол кезде 39 жастағы Каримова-Тилляева уақытының басым бөлігін Ислам Каримов қорына бөлетінін жазған.

XS
SM
MD
LG