Accessibility links

Ресей елшілігі: АҚШ Сирия жайлы ақпаратын тексеріп таратқаны жөн


Ресейдің Вашингтондағы елшілігінің алдындағы Ресей мен АҚШ тулары (Көрнекі сурет).
Ресейдің Вашингтондағы елшілігінің алдындағы Ресей мен АҚШ тулары (Көрнекі сурет).

Ресейдің АҚШ-тағы елшілігі АҚШ-тың «Астанадағы Сирия бейбіт келіссөзі сәтсіздікке ұшырады» деген мәлімдемесін сынап, Сирияға қатысты тарататын ақпаратын «мұқият тексеруге» шақырды. Ресей елшілігінің Сирияға қатыстымәлімдемесі 26 ақпан күні Facebook-тегі парақашасында жарияланды.

Мәлімдемеде елшілік АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Хизер Нойерттің 22 ақпан күні Сирияның Шығыс Ғута аймағындағы қақтығыстарға байланысты «Астанадағы Ресей бастаған Сирия келіссөзі сәтсіздікке ұшырады» деген сөзі «біржақты және түсінбестік тудыратыны» айтылған.

Елшілік Нойерттің бұл мәлімдемесі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі 24 ақпанда қабылдаған Сириядағы қақтығысты уақытша тоқтату туралы қарарға қайшы келетінін айтады. «Қабылданған қарарда Ресей, Иран және Түркияның Астана процесіндегі кепіл елдер ретінде Сирия аумағында қақтығысты тоқтатуға күш салып жатқаны айтылады. Біз түркиялық және ирандық әріптестерімізбен бірге бұл бағытта талмай еңбектеніп жатырмыз және Астанадағы келесі кездесуді наурызға жоспарлап отырмыз» делінген мәлімдемеде.

Елшілік мәлімдеуінше, Ресей Женевадағы БҰҰ ұйымдастырған Сирия келіссөзінің маңыздығылығына «күмән келтіріп көрген емес».

«Америкалық әріптестерімізді тарататын ақпаратын тыңғылықты тексеруге, оны Сириядағы шынайы жағдаймен салыстыруға және Ресей, Иран мен Түркияның сириялықтарды Астанада және Сочиде өткен Сирия ұлттық конгресі аясында бітістіруде талмай еңбектеніп жатқанын ескеруге шақырамыз» делінген Ресей елшілігінің мәлімдемесінде.

Оқи отырыңыз: Батыс елдері Шығыс Гутадағы қырғынды тоқтатуға шақырды

Мемлекеттік департаменттің баспасөз хатшысы Хизер Нойерт 22 ақпан күні Сирияның осы айда көтерілісшілер бақылайтын Шығыс Гута аймағында бомбалаудан 400-ден астам адамның қаза тапқанына Мәскеуді кінәлаған. Нойерт Ресей Сирия президенті Башар Асад әскерінің Гутада қалған оппозициялық топтарға соққы беруін тоқтату шараларын жасамағанын айтқан.

XS
SM
MD
LG