Accessibility links

Венада белгісіз біреу жұртқа пышақпен шабуылдаған


Австрия полициясы. (Көрнекі сурет)
Австрия полициясы. (Көрнекі сурет)

Австрия астанасында сәрсенбі күні кешке белгісіз біреу көшедегі жұртқа пышақпен шабуылдап, үш адамды жаралағаннан кейін оқиға орнынан қашып кеткен. Бұл туралы полицияға сілтеме жасап жергілікті басылымдар хабарлады.

Арада біраз уақыт өткенде Венаның басқа бір ауданында тағы бір адамның шабуылдан зардап шеккені туралы ақпарат тарады. Әзірше бұл екі оқиғаның арасында байланыс бар-жоғы анықталмаған.

Полиция қылмыскерді іздестіріп жатыр.

XS
SM
MD
LG