Accessibility links

Трамп арнайы прокурор Мюллерді ашық сынады


Дональд Трамп, АҚШ президенті.
Дональд Трамп, АҚШ президенті.

АҚШ президенті Дональд Трамп арнайы прокурор, Ресейдің АШ-та 2016 жылы өткен президент сайлауына килігуі ісін тергеуді басқаратын Роберт Мюллерді сынады.

Трамп тергеуді "әділетсіз" деп атап, сайлауалды кампаниясында өзінің штабы мен Ресей арасында ешқандай астыртын сөз байласу болмағанын тағы мәлімдеді.

Бір күн бұрын Трамптың адвокаты Джон Дауд Мюллер тергеуін аяқтау керегін мәлімдеген. Адвокат әуелде бұл мәлімдемесін президенттің атынан жасағанын айтқан еді, бірақ кейін мәлімдемені өз атынан жасағанын хабарлады.

Трамп Мәскеудің АҚШ-тағы президент сайлауына килігуін тергеуді бұған дейін де сынаған. Бірақ бірінші рет Мюллердің атын ашық айтып отыр. Республикашылдар Трамптың бұл мәлімдемесіне байланысты оған тергеу барысына килігуге болмайтынын ескертті.

Трамп бұған дейін Twitter-де Федералдық тергеу бюросы (ФБР) басшысының бұрынғы орынбасары, 16 наурызда қызметінен босатылған Эндрю Маккейбті және ФБР-дің бұрынғы директоры Джеймс Комиді қатты сынаған. Трамп Комиді Конгресте жалған ант берді деп айыптап, Комидің өзімен әңгімелескенін таспаға жазып алуын және бірер күн бұрын тергеуге Маккейб жазып алған жеке әңгімесінің жазбасын бергенін "жалған еске түсіру" деп атаған.

XS
SM
MD
LG