Қазақстандағы балалар құқығы жөніндегі уәкіл, депутат Зағипа Балиева балалар үйіне бір де бір үкіметтік емес ұйымды (ҮЕҰ) тексеруге жібермеуге шақырды деп хабарлады жергілікті агентіктер. Уәкіл бұл жөнінде балалар үйлері директорларының республикалық кеңесінде айтқан.
Жиында Балиева "Аналар үйіндегі" әйелдер мен балалардың күтімін, ондағы жағдайды сынаған.
"Аналар үйіне бардым. Өрт кезінде шығатын баспалдақ жоқ. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай нашар. Барлық балалар үйі мен "Аналар үйлері" ары кеткенде 10 адам тұруға арналған жеке меншік үйлерде орналасқан. Бірақ ол жерлерде 30-ға дейін әйел балаларымен тұрып жатыр" деді Балиева.
Зағипа Балиева балалар үйіне бару және тексеру үшін енді құрылатын қамқоршылар кеңесінен рұқсат алу керегін айтты. Оның сөзінше, балалар үйінің тәрбиеленушілері үнемі тексеруге ұшырамай, ол жерде еркін өсуіне жағдай жасалуы тиіс.