Accessibility links

Елшілік "Қазақстанда АҚШ әскери базасы ашылатынын" терістеді


Ақтау порты (Көрнекі сурет).
Ақтау порты (Көрнекі сурет).

Қазақстанның Ресейдегі елшілігі Қазақстанның Ақтау және Құрық порттарында америкалық әскери базалар құрылады деген ақпаратты жоққа шығарды деп хабарлады Tengrinews.kz сайты.

Елшілік соңғы күндері ресейлік БАҚ-та жарияланған "АҚШ әскери-теңізз күштері Қазақстанның Каспий теңізіндегі порттарын пайдаланады және Қазақстан аумағында әскери база салады" деген ақпараттың "шындыққа сай келмейтінін мәлімдеді.

Қазақстан парламенті өткен аптада Ауғанстанда тұрақтылық орнату және қалпына келтіруге қатысты Қазақстан мен АҚШ үкіметтері арасындағы Қазақстан аумағы арқылы теміржол арқылы коммерциялық транзиттік жүк тасымалдау туралы келісімге өзгерістер енгізу жөніндегі хаттаманы мақұлдаған. Елшілік мұндай ақпараттың тарауына осы келісім себеп болғанын айтып, АҚШ-пен осы сияқты келісімді бұған дейін Ресей де жасасқанын келтіреді.

"Сондықтан, ресейлік БАҚ пен интернет ресурстардағы жоғарыда аталғандай ақпараттарды негізсіз, ойдан шығарылған жалған хабар деп санауды сұраймыз" делінген елшілік мәлімдемесінде.

XS
SM
MD
LG