АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен қытайлық ZTE телекоммуникация компаниясының "қайтадан тездетіп бизнес жасауына" жұмыс істейтінін мәлімдеді.
"Қытай төрағасы Си Цзиньпин және мен қытайлық ірі ZTE телефон компаниясының бизнесін қайта бастауы жолында ынтымақтастық орнатамыз. Қытайда өте көп адам жұмыс орнынан айырылды. Сауда министрлігіне бұл мәселені шешуге тапсырма берілді" деп жазды Трамп Twitter-де.
Қытайлық технологиялық компания бірнеше күн, АҚШ сауда министрлігі америкалық компанияларға ZTE-ге қосалқы бөлшек тыйым салған соң басты қызметін тоқтатқан еді.
Әлемде телекоммуникациялық құрал-жабдықтар жасайтын ең ірі компаниялардың бірі саналатын ZTE қосалқы бөлшектерді америкалық Qualcomm және Intel сияқты компаниялардан алады.