Accessibility links

Киев 23 ресейлікті Мәскеу тұтқынындағы украиндықтарға алмастыруға дайын


Ирина Геращенко, Украина Жоғарғы Радасы спикерінің бірінші орынбасары.
Ирина Геращенко, Украина Жоғарғы Радасы спикерінің бірінші орынбасары.

Украина Жоғарғы Радасы спикерінің бірінші орынбасары Ирина Геращенко Киев Ресейде қамауда отырған Украина азаматтарына алмасуға дайындап жатқан 23 ресейліктің аты-жөнін атады.

Украиналық депутат 23 азамат Одесса, Харьков, Херсон және Тернопольск облыстарында терактілер жасауды ұйымдастырды немесе елдің шығысындағы Донецк және Луганск облыстарында үкімет әскеріне қарсы соғысты деп айыпталғандар екенін айтты. Геращенко жариялаған тізімде Украинада терроризм және заңсыз қару ұстау айыбымен 10 жылға сотталған Виктор Агеев бар. Агеев биыл қаңтарда Луганск облысында жүргізілген арнайы операция кезінде ұсталған.

Киев пен Мәскеу бірнеше аптадан бері тұтқын алмасу туралы келіссөз жүргізіп келгенімен, әзірге келісім жасалған жоқ.


Ресейде қамауда отырған украиналық белгілі тұтқындрдың бірі - Олег Сенцов. Ол терроризм айыбымен 20 жылға сотталған. Құқық қорғау ұйымдары қырымдық Сенцовті саяси тұтқын деп таныған. Ол Ресей түрмесінде 50 күннен астам уақыттан бері аштық жариялап отыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG