Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху 11 шілдеде Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуде Израиль егер Иран Сириядан кетсе, онда президент Башар Асадтың билікте қала беруіне қарсы болмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Израильдің аты-жөнін атағысы келмеген жоғары шенді шенеунігіне сілтеме жасаған Reuters агенттігі хабарлады. Оның сөзінше, Нетаньяху Путинге "Сіздер ирандықтарды шығарсаңыздар, біз Асад билігіне қарсы ешнәрсе істемейміз" деген.
Кремльдің ресми сайтында Нетаньяхудың Путинмен әңгімесінде Израильге "ирандықтардың Сирияда орналасуы туралы мәселе маңызды" деп айтқан сөзі келтірілген.
Израиль соңғы айларда Сирия аумағындағы Иран әскерилері орналасты делінген нысандарға бірнеше рет соққы жасаған. Кейбір мәліметтер бойынша, шабуылдан ондаған сарбаз оққа ұшқан.
Соңғы уақытта БАҚ-та Сириядағы Иранның іс-қимылы мәселесі АҚШ пен Ресей президенттерінің Хельсинкиде өтетін кездесуінде де талқыланатыны хабарланған.
ПІКІРЛЕР