Accessibility links

Қазақстан Азиадада үш қола алды


Қазақстан құрамасының мүшесі Дмитрий Алексанин (оң жақта) Азия ойындарына қатысып жатқан сәт.
Қазақстан құрамасының мүшесі Дмитрий Алексанин (оң жақта) Азия ойындарына қатысып жатқан сәт.

Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында 22 тамыз күні Қазақстан спортшылары төрт қола медаль жеңіп алды.

Семсерлесудің сабля түрінен әйелдер арасындағы командалық жарыста Қазақстан құрамасы қола медаль иеленді. Олар ширек финалда Гонконг командасын 45:40 есебімен жеңді. Ал жартылай финалда Қытайдан жеңілді - 25:45.

Ал семсерлесудің шпага түрінен Қазақстан ерлер құрамасы да командалық жарыста қола жүлдегер атанды. Олар да ширек финалда Гонконгты жеңген. Бірақ жартылай финалда Жапонияны жеңе алмады - 36:45.

Семсерлесу ережесі бойынша жартылай финалда қарсыласына ұтылған команда не спортшы бірден қола медаль иеленеді.

Каноэ қайық жарысында Александр Куликов Жапония мен Қытай спортшыларынан қалып, үшінші орын алды.

Қазір Қазақстанда бір алтын, бес күміс, он қола медальмен жалпы есепте 10-орында келеді. Жалғыз алтынды семсерлесуден Дмитрий Алексанин Азия ойындарының чемпионы атанған.

Азия ойындарына 440 қазақстандық спортшы қатысып жатыр. Жарыстан хабар тарату үшін Азаттық тілшісі Джакартаға аттанған. Азиаданың барлық жаңалығын Азаттық сайтының арнайы парақшасынан оқи аласыздар. Азия ойындары қыркүйектің 2-cі күні аяқталады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG