Тамыздың 29-ы күні Венецияда 75 рет өтетін Венеция халықаралық кинофестивалі ашылады. Фестиваль 8 қыркүйекке дейін болады. Ашылу салтанаты жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 7-де басталады, ал оған қатысатын фильмдер 30 тамыз күні таңертеңнен көрсетіле бастайды. Фестиваль америкалық режиссер Дэмьен Шазеллдің "Айдағы адам" көркем фильмімен ашылады. Фильмде NASA-ның 1969 жылы Айға жіберген миссиясының тарихы баяндалады.
Фестивальге Қазақстаннан сценарист, режиссер Әмір Байғазиннің "Өзен" фильмі мен Елдар Шибановтың "Секс, үрей және гамбургерлер" деп аталатын фильмі ұсынылған. Бұл екі фильм де Венецияда әлемдік деңгейде алғаш көрсетілмек. Екі фильм фестивальге "кинематографияның дамуындағы жаңа тенденцияларды көрсететін" фильмдер іріктеп алынатын "Кеңістік" бағдарламасы бойынша қатысады. Тек алғашқы кино толық метражды фильмдер секциясы, екінші кино қысқа метражды фильмдер секциясына кіреді. Қос фильм де кинофестиваль кезінде төрт реттен көрсетіледі.
2 қыркүйекте фестивальде "Қазақстанмен танысу: аудиовизуалды дамудағы жаңа шекаралар" деп аталатын шара өтеді. Онда қазақстандық 14 ойын және анимациялық фильм - "Алмаз қылыш, "Әруақ", "Анаға апарар жол", "Жат", "Оралман" және басқа да фильмдер көрсетіледі.
ПІКІРЛЕР