Accessibility links

Жапондық екі робот Рюгу астероидын зерттеуге кірісті


Жерден 280 миллион километр қашықтағы Рюгу астероиды. 2018 жылы маусымда түсірілген сурет.
Жерден 280 миллион километр қашықтағы Рюгу астероиды. 2018 жылы маусымда түсірілген сурет.

Жапонияда жасалған MINERVA-II1A және MINERVA-II1B деп аталатын екі шағын робот Рюгу астероиды бетіне сәтті қонды. Екеуі де қалыпты жұмыс істеп тұр, олар астероидтан түсірген алғашқы фотосуреттер мен мәліметтерді Жерге жіберді деп хабарлайды жапониялық JAXA аэроғарыш зерттеу агенттігі.

Роботтар жапониялық "Хаябуса-2" ғарыш зондынан қыркүйектің 21-і күні ажыраған болатын. Кемінде олардың біреуі қазір астероидтың бетімен жылжып бара жатыр деп хабарлайды жапон агенттігі.

Астероид бетіне қонған MINERVA-II1A мен MINERVA-II1B – әлемдегі алғашқы мобильді зерттеу роботтары. Әрбірінің салмағы бір килограмм. Бұл роботтар алғаш рет өздігінен жылжып, астероид бетінде суреттер түсіре алады.

JAXA – Жапонияның ғарыш және авиация бағдарламаларына жауапты мемлекеттік агенттігі. Ол 2003 жылы тәуелсіз үш ұйымның бірігуі арқылы құрылған. Агенттік Жердің жасанды серіктері мен ғарыш аппараттарын ұшыру мүмкіндігіне ие. Жақын болашақта күрделірек ғарыш миссияларымен – астероидтарды зерттеу және Айды игерумен айналыспақ.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG