Accessibility links

Ильин мен Чиншанло әлем чемпионатына қатысады


Илья Ильин
Илья Ильин

Ауыр атлетикадан қарашада Ашхабадта (Түркіменстан) өтетін әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан спортшыларының тізімі жарияланды. Бұл туралы Қазақстан ауыр атлетика федерациясы хабарлады.

Қазақстан құрамасының сапында допинг дауына ілініп, олимпиада алтынынан айырылған Илья Ильин мен Зүлфия Чиншанло бар.

Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан ерлер құрамасы: Арли Чонтей (55 кг), Фархад Харки (67 кг), Нижат Рахимов (73 кг, Рио олимпиадасының чемпионы), Айдар Казов (81 кг), Денис Уланов (89 кг), Рүстем Сыбай (96 кг), Илья Ильин (102 кг), Александр Зайчиков, Ибрагим Берсанов (екеуі де - 109 кг), Елдос Сайлау (+109 кг).

Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасы: Зульфия Чиншанло (55 кг), Сәуле Садуақасова (59 кг), Әсем Садықова, Карина Горичева (екеуі де - 64 кг), Надежда Лихачева, Екатерина Столяренко (екеуі де - 71 кг), Екатерина Быков (76 кг), Раушан Мешитханова (87 кг), Айзада Муптилда мен Александра Аборнева (+87 кг).

Оқи отырыңыз: Қазақстан ауыр атлетика құрамасындағы допинг дауы

Ильин Пекин және Лондон олимпиадасында, Чиншанло Лондон олимпиадасында допинг қолданды деп айыпталып, екі жылға спорттан шеттетілген. Олардың жаза уақыты жазда аяқталған.

2017 жылы күзде IWF допинг ережесін көп бұзған Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Ресей, Қытай, Беларусь, Украина, Түркия сынды елдерді бір жылға жарыстардан шеттеткен. Аталған елдер 2017 жылы Анахаймде (АҚШ) өткен әлем чемпионатына қатысқан жоқ. Бұл елдердің жазасы 2018 жылдың қараша айында аяқталады.

Ашхабадтағы әлем чемпионаты 1-10 қараша аралығында өтеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG