Accessibility links

Қостанайда полиция кеңсесіне оқ атуға күдікті ұсталған


Қостанай облысында полиция ғимаратына оқ атқан деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталған. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментіне сілтеме жасап қазақстандық ақпарат құралдары хабарлады.

ІІД қылмыстық полиция басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Рахимовтың сөзінше, Меңдіқара ауданында тұратын, бұрын полиция өкілдеріне бағынбағаны және тіл тигізгені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған 35 жастағы аудан тұрғыны уақытша ұстау орнына қамалған. Оның үстінен «Құқық қорғау, арнайы мемлекеттік орган қызметкерінің өмiрiне қол сұғу» бабы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталған. Қылмстық кодексте бұл бап бойынша он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қазанның 16-сына қараған түні тіркей нөмірі жоқ қара түсті көлікке мінген белгісіз біреулер Меңдіқара аудандық полиция ғимаратына оқ атқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG