Accessibility links

Ресей Украина азаматтары мен компанияларына санкция салды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресей Украинаның 322 азаматы мен 68 компаниясына санкция салды. Санкция туралы қаулыға қарашаның біріне Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев қол қойды. Құжат Ресей үкіметінің ресми сайтында жарияланды.

Санкция тізіміне министрлер, оның ішінде Украина ішкі істер министрі Арсен Аваков, депутаттар мен кейбір бизнесмендер енгізілген.

22 қазанда Ресей президенті Владимир Путин "Украинаның Ресей азаматтары мен заңды тұлғаларына жаулық ниеттегі әрекеттеріне орай" экономикалық шектеу шараларын қолдану туралы жарлық шығарған.

Путин үкімет басшысына санкция салынатын украиналық жеке және заңды тұлғалар тізімін дайындауды және шектеу шараларын анықтауды тапсырған.

Кейін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков санкциялардың Ресей аумағында жүрген Украинаның қарапайым азаматтарына әсері болмайтынын мәлімдеген. Ол бұл шара Украинаның "қырсық" билігіне" бағыталғанын, ал украин халқы "бауырлас" болып қала беретінін айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG