Түркістан облысында бір тәулікте бес адам газдан уланып қайтыс болды, бес адам ауруханаға түсті. Бұл туралы Азаттыққа облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 қарашада Түркістан облысындағы Сайрам, Қазығұрт және Бәйдібек ауданында он адам газдан уланған. Олардың бесеуі қайтыс болған. Көз жұмғандардың үшеуі – бала.
Департаменттің хабарлауынша, уланған бес адам аудандық ауруханаларға жатыр. Зардап шеккендер үйдегі қол пешті жылыту үшін газ қолданған.
ПІКІРЛЕР