Accessibility links

БҰҰ: Ауғанстанда әуе шабуылынан бейбіт тұрғындар қаза тапты


Гильменд уәлаятындағы әуе шабуылынан жараланып, ауруханаға түскен бала. Ауғанстан, 29 қараша 2018 жыл.
Гильменд уәлаятындағы әуе шабуылынан жараланып, ауруханаға түскен бала. Ауғанстан, 29 қараша 2018 жыл.

БҰҰ-ның Ауғанстанға қолдау көрсету миссиясы (UNAMA) осы аптада Ауғанстанның оңтүстігінде болған әуе шабуылынан алдын ала мәлімет бойынша кем дегенде 23 бейбіт тұрғын қаза тапқанын мәлімдеді.

Ауғанстандағы НАТО басқаратын "Батыл қолдау" миссиясы 27 қарашада ауған әскерилері мен америкалық кеңесшілеріне Гармсир ауданының құрылыс салынған бөлігінде "Талибан" содырларының шабуылына ұшырап, әуеден қарсы шабуыл жасауды сұрағанын хабарлады. Алайда, құрлықтағы әскерде әуе шабуылын жасайтын аумақта бейбіт тұрғындар бары туралы мәлімет болмаған. Жергілікті билік аудандағы үйлердің біріне әуе шабуылы жасалып, кем дегенде 30 бейбіт тұрғын қаза тапқанын мәлімдеді.

Гильменд уәлаятының губернаторы Мохаммад Ясин Хан ауған әскерилері "Талибан" содырларының шебіне әуеден соққы беруді сұрағанын және құрбандар арасында бейбіт тұрғындар мен тәліптер де барын айтты. Дегенмен, БҰҰ миссиясының 29 қарашада жариялаған мәлімдемесінде құрбандардың көбі - әйелдер мен балалар екені айтылады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG