Accessibility links

Катар ОПЕК құрамынан шығады


Катардың энергетика министрі Саад аль-Кааби. 3 желтоқсан 2018 жыл
Катардың энергетика министрі Саад аль-Кааби. 3 желтоқсан 2018 жыл

Катар 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап мұнай өндіруші елдер ұйымы - ОПЕК құрамынан шығады. Елдің жаңа энергетика министрі Саад аль-Кааби дүйсенбі күні осылай деп мәлімдеді. Министр халықаралық аренада елдің беделін көтергісі келетінін айтып, ОПЕК бұл жайлы біледі деп айтқан.

Қазіргі кезде ұйымға 15 мемлекет мүше. Ең ірісі - Сауд Арабиясы. Өткен жылы Сауд Арабиясы мен Катар арасындағы жағдай күрт ушыққан.

30 қарашада Ресей мен Сауд Арабиясы Аргентинада мұнай өндіру көлемін шектеу туралы “ОПЕК+” келісімінің күшін ұзарту туралы келіскен. Катардың ОПЕК-тен шығатыны сол оқиғадан кейін екі күннен кейін белгілі болып отыр.

Путин мен саудиялық ханзада Салманның амандасуы (Буэнос-Айрес, 30 қараша 2018 жыл)

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG