Accessibility links

Түркіменстанда жүздеген сотталушыға рақымшылық жасалды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Түркіменстанда Бейтараптық күні қарсаңында жүздеген сотталушыға рақымшылық жарияланды. Елдегі ресми басылымдардың жазуынша, президент Гурбангулы Бердімұхамедовтің жарлығымен 796 сотталушы түрмеден босайды.

Түркіменстан мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, президент 10 желтоқсан күні өткен жиналыста ішкі істер министріне құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге рақымшылық жасалған азаматтарды таяу күндері түрмеден босатудың барлық шарасын жасауға тапсырды.

2017 жылы президент Бердімұхамедов үш мыңнан астам сотталушыға рақымшылық жасаған. Бірақ құқық қорғаушылардың айтуынша, бостандыққа шыққан азаматтар арасында саяси тұтқындар жоқ.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG