Accessibility links

Будапеште мыңдаған адам үкіметке қарсы шеруге шықты


Газдан қорғайтын маска киген шерушілер. Будапешт, 13 желтоқсан 2018 жыл
Газдан қорғайтын маска киген шерушілер. Будапешт, 13 желтоқсан 2018 жыл

Жексенбі күні Венгрия астанасы Будапеште мыңдаған адам көшеге шығып, еңбек қатынастарын реттейтін жаңа заңдарға қатысты наразылық танытты. Өткен аптада парламент жұмыс берушілерге қызметкерлерінен жылына 400 сағат артық жұмыс істеуін талап етуге мүмкіндік беретін еңбек кодексіне түзетулер енгізген.

Венгрия мен Еуропа одағының туларын ұстаған наразылыққа шыққан азаматтар 16 желтоқсанда парламент ғимаратына қарай бет алды. Солшыл оппозициялық партиялар мен студенттік ұйымдар, сонымен бірге кәсіподақтар жаңа заңдардың күшін жоюды талап етті.

Үкімет бұған дейін әкімшілік соттар жайлы да заң қабылдаған. Құжат сайлаушы құқығы, наразылық шаралары мен жемқорлық істерге қатысты мәселелерді реттейді.

Билік оппоненттері жаңадан қабылданған заңдар билікке 2010 жылы келген премьер министр Виктор Орбанның басқаруы кезіндегі демократиялық институттардың дағдарысқа ұшырауының көрінісі деп есептейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG