Accessibility links

Қазақстан халқы Наурыз мейрамын тойлауды бастады


Бүгін, 21 наурызда Қазақстан халқы Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамын атап өтуді бастады. Ел тұрғындары 21 наурыздан 26 наурызға дейін демалады.

Бұл күндері бүкіл ел көлемінде, ежелден келе жатқан салт-дәстүр бойынша, адамдар бір-бірін Ұлыстың ұлы күнімен құттықтайды, арнайы әзірленген Наурыз көже мен ұлттық ас түрлерінен дәм татады. Барлық елдімекендерде концерттік бағдарламалар, ұлттық ойын-сауық түрлері, спорттық және өзге де мәдени шаралар ұйымдастырылады.

Шығыстың кейбір халықтарына ортақ бұл мейрам Қазақстанда 21 наурыздан бастап үш күн бойы тойланады, бұл күндер елде демалыс болып жарияланған.

Совет кезінде алпыс жылдан аса тыйым салынған Наурыз мейрамы Қазақстан тәуелсіздігін жариялағаннан кейін күнтізбеде ресми мереке ретінде белгіленген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG