Accessibility links

"Нұр Отан" Тоқаевтың кандидатурасын бекітті


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев (сол жақта) пен экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясының съезінде. 23 сәуір 2019 жыл.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев (сол жақта) пен экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясының съезінде. 23 сәуір 2019 жыл.

23 сәуірде "Нұр Отан" партиясының мүшелері Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын бірауыздан қолдап, президент сайлауына партия атынан қатысатын үміткер ретінде бекітті.

Билік партиясының бүгін, 23 наурызда өткен съезд кезінде Назарбаев президент сайлауына Тоқаевтың кандидатурасын ұсынған.

Қасым-Жомарт Тоқаев 20 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев биліктен кеткен соң Қазақстан президенті қызметіне кіріскен.

Партия съезінде Тоқаевтың кандидатурасын ұсынып жатып Назарбаев Тоқаевқа "толықтай сенетінін" айтып, қазақстандықтарды Тоқаевты қолдауға шақырды. "Бұл дұрыс шешім болады" деді Назарбаев.

Экс-президент Назарбаев "Мен Тоқаевқа толық сенемін. Менің барлық бастамаларымды қолдап, сенімді серік болды" деді.

Назарбаевтың сөзінше, оған сайлауға түсу ұсынысы айтылған.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 сәуірде республикалық арналар эфирінен жасаған мәлімдемесінде Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауы 2019 жылдың 9 маусымында өтетінін жариялаған.

Қазақстанда кезектен тыс өтетін президент сайлауына кандидаттарды ұсыну 10 сәуірде басталған. Үміткерлерді ұсыну 28 сәуірде, тіркеу 11 мамырда аяқталады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG