Қырғызстан мемлекеттік тіркеу қызметінің бұрынғы жетекшісі, қазір ел президенті Сооронбай Жээнбековтің кеңесшісі Дастан Догоевты Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік қызметі (МҰҚК) сегіз сағат тергеді. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.
Азаматтық белсенді Рита Карасартованың хабарлауынша, Догоев елден ешқайда кетпеу туралы қолхат жазып берген. Бірақ оның адвокаты Бакыт Осмоналиев Догоевқа шетелге шықпау жөнінде тыйым салынбағанын, қауіпсіздік қызметіне қарапайым сұраққа жауап беруге шақырылғанын айтты.
Сәуірде мемлекеттік тергеу қызметінің үш қызметкері биометриялық паспорт бланкілерін даярлау үшін өткізілген тендерде заң бұзды деп ұсталған. Бұл істе 15 адамның есімі аталады. Олардың қатарында Догоев те бар. Тергеудің дерегінше, "тендерде мемлекеттік тіркеу қызметімен тығыз байланыс орнатқан компания заңсыз жеңіске жеткен". Қазір бұл іс бойынга тергеу жүріп жатыр.
ПІКІРЛЕР