Accessibility links

Пәкістанда пойыз апатынан кем дегенде 11 адам қаза тапты


Пәкістандағы кезекті пойыз апаты. Көрнекі сурет.
Пәкістандағы кезекті пойыз апаты. Көрнекі сурет.

Бейсенбі, 11 шілдеде таңертең Пәкістанда жолаушылар пойызы темір жол бойында тұрған жүк вагонына соғылып, кем дегенде 11 адам қаза тапты, ондаған адам жараланды. Жергілікті полиция өкілі Хафиз Бугтидің сөзінше, жараланған үш жолаушының жағдайы ауыр. Бұдан бөлек, соғылған вагондардың ішінде әлі де жолаушылар болуы мүмкін.

Полиция басшысы Умер Саламаттың айтуынша, Лахор қаласынан Белужистан провинциясына бағыт алған пойыз Валхар теміржол станциясында апатқа ұшыраған. "Апат кесірінен үш вагон рельстен шығып, алғашқы бір вагон толық қираған" дейді Саламат.

Апаттың себебі әлі белгісіз.

Пәкістанда адам өліміне әкелетін теміржол апаттары жиі болады. Елдің негізгі теміржол тармақтары 20 ғасырдың алғашқы жартысында салынып, әлі жаңармағаны айтылады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG