Accessibility links

Жамбыл облысындағы жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды


Жамбыл облысындағы ірі трассалардың бірі. Көрнекі сурет.
Жамбыл облысындағы ірі трассалардың бірі. Көрнекі сурет.

Жамбыл облысында 13 шілдеде болған жол апатына байланысты тергеу амалдары басталды деп хабарлады жергілікті полицияға сілтеме жасаған ақпарат агенттіктері.

Облыстық полиция департаментінің дерегінше, Алматы - Екатеринбург трассының 380-шақырымында қызметтік көлік аударылған. Соның салдарынан Мойынқұм аудандық полицияның екі қызметкері және бір Өзбекстан азаматы көз жұмған. Олардың аты-жөндері мен жастары әзірге айтылмайды. Оқиға жайлы хабарлама Жамбыл облыстық полиция департаментінің кезекші бөліміне 13 шілдеде кешкі алты жарым шамасында түскен.

Tengrinews сайтының жазуынша, көлікте полиция қызметкерлерінен бөлек көші-қон заңнамасын бұзды деп күдікке ілінген азамат болған. "Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу" бабы бойынша тергеу басталған.

Евростат (Еуроодақтың статистикалық қызметі) дерегінше, Қазақстан көлік апатының көптігі жағынан алғашқы бес елдің қатарына кіреді. Жол апатының көптігін кейде жолдардың сапасыздығы мен жүргізушілердің жол ережелерін сақтамауымен байланыстырады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG