Accessibility links

Тоқаев "Педагог мәртебесі туралы" заңға қол қойды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Педагог мәртебесі туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, оқушы мен мұғалімге жүктемені төмендету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдарға қол қойды деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

19 баптан тұратын "Педагог статусы туралы" заңда 2021 жылдың қыркүйегінен бастап орта білім мекемелеріндегі педагогтардың нормативтік оқу жүктемесін 18 сағаттан 16 сағатқа төмендету, мұғалімнің демалысын ұзартып, еңбекақысын көбейту, халықаралық олимпиада, түрлі байқау және спорт жарыстарының жеңімпазын әзірлеген мұғалімді үш еңбекақы мөлшерінде сыйақымен марапаттау, ауылдық жерде тұратын мұғалімдерге жер телімін алуда басымдық беру, жоғарғы оқу орнынан басқа білім беру мекемелеріндегі мұғалімдерді әскерге шақыруды кейінге қалдыру, мұғалімдерді қызметіне қатысы жоқ шараларды атқаруға міндеттегені үшін айыппұл (20-120 АЕК) салу қарастырылған.


Бұған дейін Білім және білім министрі Асхат Аймағамбетов егер заң жобасы жыл соңына дейін қабылданса, келесі жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы да өседі деп айтқан.

Оқи отырыңыз: Мұғалімдер жаңа заңға маңызды ұсыныстары енбегеніне назалы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG