Accessibility links

Иран генералының өлімінен кейін әлем елдері жағдайға алаңдап отыр


Наразылар АҚШ туын өртеп жатыр. Тегеран, 3 қаңтар 2019 жыл.
Наразылар АҚШ туын өртеп жатыр. Тегеран, 3 қаңтар 2019 жыл.

АҚШ-тың Бағдаттағы шабуылынан ирандық генерал қаза тапқаннан кейін әлем елдері жағдайға алаңдай бастады. Сарапшылар Иран мен АҚШ арасындағы қарым-қатынас соңғы ондаған жылда болмаған деңгейде ушығып кетуі мүмкін деп болжайды. Тегеран Бағдаттағы шабуыл үшін АҚШ-тан "кек алатынын" мәлімдеді.

Ресей мен Қытай әскери интервенцияға жол бермеу қажеттігін айтты.

"Біз тараптарды әсіресе, АҚШ-ты жағдайды онан сайын ушықтырмас үшін сабыр сақтауға шақырамыз" деді 3 қаңтардағы баспасөз жиыны кезінде Қытайдың сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Гэн Шуан.

Тегеранмен тығыз қарым-қатынас орнатқан Ресей Сулейманидің өлімін "ойланбай жасалған әрекет" деп атады. Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Fаcebook-тағы жазбасында АҚШ әрекетін сынап "Бұл миллиондаған адамға соққы болып тиеді, жағдайды ушықтырады" деді.

НАТО мүшесі Түркияның сыртқы істер министрлігі "АҚШ пен Иран арасындағы жағдайдың ушыққанына қатты алаңдайтынын" жеткізіп, АҚШ операциясы "аймақтағы тұрақсыздықты өршітеді" деген.

Францияның Еуропа істері жөніндегі министрі Амели де Моншалин RTL радиосына берген сұхбатында "әлем қауіптірек бола бастады" деді.

Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Доминик Рааб тараптарды жағдайды ушықтырмауға шақырды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG