Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 19 наурызда Алматыда тағы бір адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Министрліктің ресми өкілі Диас Ахметшәріптің айтуынша, бұл 1979 жылғы Ресей азаматы.
"Ол бізге 15 наурызда Мәскеу - Алматы бағыты бойынша ұшып келген. Қазір карантиндік стационарда жатыр. Денсаулығы - орташа" деді ол.
Осылайша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 37-ге жетті. Олардың 19-і - Алматыда, 18-і Нұр-Сұлтанда емделіп жатыр. Олардың арасында екі бала бар.
19 наурыз түнгі сағат 00.00-ден бастап коронавирусқа байланысты Алматы мен Нұр-Сұлтанда карантин енгізілді. Қалаға кіріп-шығуға шектеу қойылды. 22 наурызда екі қалаға қатынайтын пойыздар мен ішкі рейстер толық тоқтайды. Екі қала толық жабылады.
Коронавирус туралы соңғы ақпаратты мына сілтеме арқылы оқып, біле аласыздар.
Видео: Блокпост қойылған шаһар. Облыстан қатынайтындар не істейді? (18 наурыз 2020 жыл).
ПІКІРЛЕР