Accessibility links

Коронавирус жұқтырғандар саны 49-ға жетті, Қарағандыда екі адамнан табылды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстанда тағы бес адамнан коронавирус инфекциясы табылды деп хабарлады денсаулық сақтау сақтау министрлігі. Алматыда - үш науқас, Қарағандыда екі науқас карантиндік стационарға жатқызылған.

"Қарағандыда 1972 және 1971 жылы туған екі Қазақстан азаматы 0324 рейсімен Минск - Қарағанды ұшағымен келген болатын. Сол сияқты Алматыда үш адам тіркеліп отыр. 1979 жылғы әйел адам Берлин қаласынан ұшып келген. Екіншісі - 1997 жылы туған ер адам Франциядан ұшып келген. Үшіншісі - 1982 жылғы әйел адам. Барлығының денсаулығы - жақсы" деді Диас Ахметшәріп.

Ол сонымен бірге "коронавирустан үш қазақстандық қайтыс болды" деген ақпаратты да жоққа шығарды. Бұған дейін әлеуметтік желіде Қазақстанның үш азаматының вирустан көз жұмғаны туралы хабар тараған еді.

20 наурыз таңертеңгі дерекке сәйкес, республика бойынша вирус жұқтырғандар саны 49-ға жетті. Алматыда - 22 адам, Нұр-Сұлтанда - 25 адам, Қарағандыда 2 адам емделіп жатыр.

Қарағанды - Қазақстанда коронавирус табылған үшінші қала.

19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан карантиндік режимге көшкен. Қалаға кіріп-шығуға шектеу қойылды. 22 наурыздан бастап қалаға қатынайтын жолаушылар пойызы мен автобустар, ішкі рейстер тоқтайды.

Коронавирусқа байланысты соңғы ақпаратты мына сілтеме арқылы оқып біле аласыздар.

Қарай отырыңыз: Карантинге жабылған Алматының тіршілігі (19 наурыз 2020 жыл).

Карантинге жабылған Алматының тіршілігі
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:30 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG