Қырғызстанда тағы үш адамнан коронавирус табылды. Үшеуі де Ноокат ауданының тұрғындары. Олар Сауд Арабиясынан кіші қажылықтан оралған. Бұл туралы 20 наурызда Қырғызстан денсаулық сақтау министрі Космосбек Чолпонбаев хабарлады. Осылайша елде вирус жұқтырғандар саны алтыға жетті.
Қырғызстанда 18 наурызда алғаш рет үш адамнан коронавирус табылған еді. Сауд Арабиясынан келген ұшақ бортында 144 адам болған. Олардың 142-і оқшауланған.
Алғашқы үш адам анықталғаннан кейін елде төтенше жағдай енгізілді.
Коронавирус әлемнің шамамен 160 елінен табылған. Әлем бойынша вирусты жұқтырғандар саны 230 мыңнан асты. Он мыңға жуығы қайтыс болған. 86 мыңнан астам науқас айыққан.
Қазақстанда соңғы дерек бойынша 49 адамнан вирус табылған. Алматыда - 22 адам, Нұр-Сұлтанда - 25 адам, Қарағандыда 2 адам емделіп жатыр. 860 адам ауруханада карантинде жатыр. 2611 адам үй карантинінде (барлығы 3471 адам).
Видео: Кореядағы қазіргі жағдай қалай? Қазақстандық студенттің айтқаны (15 наурыз 2020 жыл).
ПІКІРЛЕР