Accessibility links

Түркістан облысында қайтыс болған науқас Алматы облысында қонақта болған


Түркістан қаласы. Көрнекі сурет.
Түркістан қаласы. Көрнекі сурет.

4 сәуірде таңертең Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі Түркістан облысында бір науқас коронавирустан көз жұмды деп хабарлады. 1956 жылғы науқас Жетісай қаласында тұрған. Наурыз айының ортасында Алматы облысының Қарасай ауданында қонақта болып, 15 наурызда үйіне оралған.

26 наурызда дене қызуы көтеріліп, дәрігерлерге көрінген. Үш күннен кейін жағдайы нашарлағаннан кейін инфекциялық ауруханаға жатқызылып, анализ тапсырған. Коронавирус бары анықталған.

Жергілікті денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің айтуынша, науқастың диагнозында қант диабеті, қан қысымы болған. Коронавирус пневмонияның пайда болуына түрткі болған. Ол "Алматыда болғанын дәрігерлерден жасырған" дейді басқарма өкілдері. Онымен байланыста болған 25 адам анықталған.

Түркістан облысында барлығы 23 адамнан вирус анықталған. Коронавируспен күрес жөніндегі шұғыл штаб дерегінше, Жетісай ауданында - 11, Кентау қаласында - 2, Арыс қаласында - 1, Мақтаарал ауданында - 1, Ордабасы ауданында - 1, Сайрам ауданында - 2, Сарыағаш ауданында - 1 адамнан вирус табылған. Олардың барлығы бұрын COVID-19 табылған науқастармен байланыста болған. Қазір олардың бәрі оқшауланған. Бұл науқастармен байланыста болған адамдар анықталып жатыр деп хабарлады жергілікті денсаулық сақтау басқармасы.

Штабтың хабарлауынша, облыста шектеу шаралары күшейтілген. Азаматтардың үйден шығуына тыйым салынады. Облысаралық, ауданаралық, қалааралық жолаушылар тасымалы тоқтатылады. Қоғамдық көліктен таңертеңгі сағат 6-дан бастап кешкі 20.00-ге дейін істейді. Барлық азаматтарға маска тағу міндеттелген. Қалада залалсыздандыру жұмыстары жүреді. Азық-түлік базарлары таңертеңгі сағат 10-нан бастап кешкі 17.00-ге дейін істейді. Сол сияқты дүкендердің де жұмыс уақыты 20.00-ге дейін қысқарған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG