Accessibility links

Өзбекстан карантин шараларын 10 мамырға дейін ұзартты


Азық-түлік дүкені кезегінде тұрған адамдар. Ташкент, 9 сәуір 2020 жыл.
Азық-түлік дүкені кезегінде тұрған адамдар. Ташкент, 9 сәуір 2020 жыл.

Өзбекстан коронавирусқа байланысты енгізілген карантин шараларын 10 мамырға дейін ұзартты. Бастапқы мерзімі 20 сәуірде аяқталуы тиіс еді.

Өзбекстан әділет министрлігінің мәлімдемесінде 20 сәуірден бастап көшпелі сауда нүктелері арқылы азық-түлікке жатпайтын тауар сатуға рұқсат берілетіні айтылған. Наурыздың 24-інен бастап Ташкент пен оның айналасындағы аудандарда азық-түлік дүкендерінен басқа дүкендердің барлығы жабылған.

Министрлік мәлімдемесіне қарағанда, коронавирусқа байланысты Өзбекстан аумағынан кетіп үлгермеген шетел азаматтарының визасы 1 шілдеге дейін автоматты түрде ұзарады.

Ресми мәлімет бойынша, коронавирус жұқтырғандар Өзбекстанда 1565 адамға жеткен, бес адам қайтыс болған.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG