Accessibility links

Қазақстанда тағы 67 адамнан коронавирус табылды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 30 сәуір таңертеңгі сағат 9.40-та коронавирус инфекциясы тағы 67 адамнан табылғанын хабарлады. Нұр-Сұлтан қаласында - 6, Алматы қаласында - 7, Шымкент қаласында - 1, Шығыс Қазақстан облысында - 3, Қызылорда облысында - 11, Маңғыстау облысында - 1, Павлодар облысында - 1, Қостанай облысында - 4, Батыс Қазақстан облысында - 8, Ақтөбе облысында - 1, Қарағанды облысында - 7, Ақмола облысында 1 адамға вирус жұққаны анықталған.

Қазақстанда барлығы 3205 адамға вирус жұққан. 819 адам жазылған. 25 адам қайтыс болған.

Коронавирус жұқтырған 3205 адам мына аймақта:

  • Алматы қаласы – 944
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 627
  • Қызылорда облысы – 198
  • Шымкент қаласы – 190
  • Қарағанды облысы – 149
  • Атырау облысы – 135
  • Батыс Қазақстан облысы – 146
  • Түркістан облысы – 124
  • Павлодар облысы – 128
  • Алматы облысы – 122
  • Жамбыл облысы – 116
  • Ақмола облысы – 99
  • Ақтөбе облысы – 82
  • Қостанай облысы – 49
  • Маңғыстау облысы – 46
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 30
  • Шығыс Қазақстан облысы – 20

Бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова 29 сәуір күнгі брифинг кезінде Қазақстанда вирус жұқтырғандар 8 пайыздан 5,5 пайызға азайды, бірақ жекелеген аймақтарда сырттан келгендерден вирус анықталуына байланысты науқастардың өсуі байқалады деп мәлімдеген. Ол мамыр айының соңына дейін науқастар 5300-ге жетеді деп болжайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG