Қарағанды облысында коронавирустан екінші науқас қайтыс болды. Coronavirus2020.kz сайтының Telegram арнасындағы мәлімет бойынша, науқас 1958 жылы туған.
Қазақстанда коронавирустан барлығы 26 адам қайтыс болды. Нұр-Сұлтан қаласында - 3, Алматы қаласында - 8, Шымкентте - 4, Ақмола облысында - 4, Шығыс Қазақстан облысында - 1, Қарағанды облысында - 2, Қостанай облысында - 1, Маңғыстау облысында - 1, Павлодар облысында - 1, Түркістан облысында 1 адам қайтыс болған.
Барлығы 3877 адамға вирус жұққан. Мыңға жуығы жазылған.
ПІКІРЛЕР