Accessibility links

Нұр-Сұлтанда мәдениет басқармасының жетекшісі "пара алды" деген күдікпен ұсталды


Нұр-Сұлтан қаласы. Көрнекі сурет.
Нұр-Сұлтан қаласы. Көрнекі сурет.

Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет және спорт басқармасының жетекшісі "пара алды" деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы 4 маусымда жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады. Агенттік хабарламасында күдіктінің аты-жөні аталмайды.

Агенттік мәліметінше, басқарма жетекшісі 2020 жылы Наурыз мерекесін ұйымдастыру кезіндегі әрекетіне байланысты ұсталған.

Ол "мемлекеттік сатып алу туралы жасалған келісімшарт бойынша қамқорлық көрсеткені үшін 10 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді" делінген ресми хабарламада.

Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр.

2019 жылдың тамыз айынан бері Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет және спорт басқармасына Нұрлан Сыдықов жетекшілік етеді.

Қазақстанда шенеуніктер, мемлекеттік орган қызметкерлерінің "жемқорлық" бабы бойынша ұсталғаны туралы ақпарат жиі жарияланады. Бұған дейін "парамен ұсталған, қызметін асыра пайдаланған, ақша жымқырған" ондаған шенеунік айыппұл төлеген немесе мерзімінен бұрын қамаудан шыққан.

Transparency International ұйымының 2020 жылы жарияланған жемқорлық индексінде Қазақстан 180 елдің ішінде 113-орында (неғұрлым көп болса, соғұрлым нашар) тұр.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG