Accessibility links

Минскіде қарсылық шеруі кезінде қаза тапқан Алексей Тарайковскиймен қоштасуға мыңдаған адам жиналды


Минскіде қаза тапқан шеруші Александр Тарайковскиймен қалай қоштасты?
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:52 0:00

Минскіде қаза тапқан шеруші Александр Тарайковскиймен қалай қоштасты?

Сенбі, 15 тамыз күні Минскіде мыңдаған адам 10 тамыз күні кешке Беларусь астанасындағы қарсылық акциясы кезінде қаза тапқан Александр Тарайковскиймен қоштасу акциясына қатысты.

Тарайковский қаза тапқан Пушкин алаңына бірнеше мың адам жиналды.

Азаттық радиосы Беларусь қызметінің хабарлауынша, Тарайковскиймен қоштасу рәсіміне мыңға жуық адам келген. Траур залында өткен рәсім кезінде жиналған жұрт 34 жастаған Минск тұрғыны Тарайковскийдің туыстарына көңіл айтты. Марқұмның табытын шығарарда көптеген адам тізерледі. Осыдан кейін жиналғандар Пушкин алаңына тартты, ал марқұмның мәйіті салынған табытты зиратқа алып кетті.

Милиция акцияға араласпады.

Беларусь ІІМ Тарайковский қолындағы жарылғыш заттың жарылуынан қаза тапты деп мәлімдеді. Алайда видеода оның қолынан ешнәрсе байқалмаған. Медициналық қорытындыда марқұм көкірек қуысынан жараланып қайтыс болды деп жазылған. Акция қатысушылары Тарайковскийді арнайы жасақ атып өлтірді дейді.

Associated Press агенттігі Александр Тарайковскийдің қаза табар алдындағы суретін жариялады. Суретте Тарайковскийдің сап түзеген арнайы жасақтың алдында тұрғаны, көкірегінен қан ағып жатқаны көрінеді. Суретте оның қолында ешқандай зат көрінбеген.

Ресми ақпарат бойынша, Беларусьтегі наразылық шеруі кезінде жалғыз Тарайковский ғана қайтыс болған. Алайда Гомель қаласында полиция қолына түскен тағы бір шеруші өлген. Билік марқұмның өлімі оның ұсталуымен байланысты емес деп отыр. Өзге адамдардың қайтыс болғаны әлі расталмады. Наразылық акциясының бірқатар қатысушы өте ауыр хәлде жатыр. Аурухана түрлі жарақатпен жүздеген адам түскен. Олардың бір бөлігі ОМОН (полиция жасағы) және арнайы жасақпен қақтығыста жараланған, бір бөлігі ұсталғаннан кейін жараланған.

Минскіде бүгін 9 тамыз күні басталған наразылық шерулері жетінші күн қатарынан жалғасып отыр. Бастапқыда наразылар сайлау нәтижесінің бұрмалануына қарсы шыққан. Кейіннен талаптар қатарына полицияның бейбіт шерушілерді ұрып-соғуын тоқтату, ұрып-соғуға жауаптыларды жазалау, президент Александр Лукашенконың отставкаға кетуі қосылды.

Қарсылықтың алғашқы үш күнінде құқық қорғау органдары қарсылық акциясына шыққандарға озбырлық көрсетіп, аямай ұрып-соқты. Ондаған адам қорлаудың, тоқпақтаудың және азаптаудың куәсі болды. Бейсенбіден бастап биліктің тәсілі өзгеріп, милиция көшедегі шерушілерге тиіспей тұр. Қарсылық акциялар жалғыз Минск қаласында емес, басқа қалаларда да өтіп жатыр. Наразылар қатары артып келеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG