Accessibility links

Колесникова Беларусь билігі өзін "өлтіреміз" деп қорқытқанын айтып берді


Мария Колесникова.
Мария Колесникова.

Беларусь оппозициясы құрған үйлестіру кеңесінің президиум мүшесі Мария Колесникова Беларусь тергеу комитетіне шағым түсіріп, өзін ұстаған күштік құрылым қызметкерлерінің үстінен қылмыстық іс қозғауды сұрады. Ол шағымда қызметкерлердің өзін "өлтіреміз" деп қорқытқанын, ұзақ жылға бас бостандығынан айырамыз деп қоқан-лоқы жасағанын жазған.

"Мені өлтіремін деп қорқытып, оны шын қабылдадым. Нақтырақ айтсам, егер Беларусь аумағынан өз еркіңмен кетпесең, тірідей не бөлшектеп бәрібір елден шығарып жібереміз деді. 25 жылға бостандығыңнан айырамыз деп қоқан-лоқы көрсетті, қамау орнында ізіңе түсеміз деп қорқытты. Оны шын деп қабылдадым" деп жазған Колесникова тергеу комитетіне түсірген өтінішінде.

Ол елден кетуден бас тартқаннан кейін өзін камерада шамамен бір сағат ұстағанын айтады.

"Мені [күштік құрылымдар] заңсыз ұстаған кезде кез келген мүмкіндікті пайдаланып, ары-бері өткен қызметкерлерге "мені ұрлап әкетті, адвокатым мен әкеме жеткізіңіз" деп талап еттім" делінген өтініште.

Мария Колесникованы 7 қыркүйекте Минскідегі ұлттық көркем музейінің алдында ұстап әкеткен еді. Билік оны елден шығаруға тырысты, бірақ бұл ойы жүзеге аспады. Колесникова шекара маңында паспортын жыртып тастап, Украина аумағына өтуден бас тартты. Кейінірек оны тергеу изоляторына қамаған. Ол билікті басып алуға ұмтылды деген күдікке ілініп отыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG