Accessibility links

Сахаров сыйлығы Беларусь оппозициясына берілді


Минскідегі наразылық.
Минскідегі наразылық.

Еуропарламент Андрей Сахаров атындағы "Ой еркіндігі үшін" сыйлығын Беларусьте президент сайлауынан кейін құрылған үйлестіру кеңесінің құрамына кірген оппозиция мүшелеріне берді.

Лауреаттарды Еуропарламент президиумы анықтаған. Биылғы сыйлық иегерлерін парламент спикері Давид Сассоли жариялады. Марапаттау рәсімі 16 желтоқсанда Брюссельдегі Еуропарламент резиденциясында өтеді.

Совет заманындағы академик-диссидент Андрей Сахаров атындағы сыйлықты Еуропарламент 1988 жылы тағайындаған. Сыйлық адам құқықтары мен оның негізгі еркіндіктерін қорғауға ерекше үлес қосқандарға беріледі. Оны иеленгендер арасында украиналық режиссер Олег Сенцов, ресейлік құқық қорғаушылар Олег Орлов, Сергей Ковалёв және Людмила Алексеева, Беларусь саясаткері Александр Милинкевич (2006 жылы) бар.

Беларусьте президент сайлауынан кейін тұтанған жаппай наразылық акцияларынан кейін оппозиция үйлестіру кеңесін құрған. Кеңестің бірқатар мүшелері қамалды, кейбірі Беларусьтен кетуге мәжбүр болды. Бірақ ұйым жабылған жоқ. Тамыз айынан бері акцияға шығып келе жатқан наразылар Александр Лукашенконың оттавкаға кетуін және бейбіт шеруге шыққандарды қудаламауды талап етіп келеді.

Қарай отырыңыз: Беларусьтегі бейбіт наразылық 11-аптаға ұласты (19 қазан 2020 жыл).

Беларусьтегі бейбіт наразылық 11-аптаға ұласты
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:22 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG