Accessibility links

Өзбекстанда зауыттағы наразылықтан соң жұмысшыларға жалақы төлене бастады


Өзбекстанда зауыт салып жатқан бес мыңдай жұмысшы бүлік шығарды
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:00 0:00

21 қазанда болған жұмысшылар наразылықтың видеосы. Өзбекстан.

Өзбекстанның Enter Engineering компаниясы Гузар ауданында Uzbekistan GTL зауытын салып жатқан жұмысшыларға төленбеген жалақыларын бере бастады.

21 қазанда Uzbekistan GTL зауытын салып мыңдаған жұмысшы наразылыққа шығып, мекеменің әкімшілік ғимаратына басып кіріп, ішіндегі заттарды бүлдірген.

Зауыттағы наразылықты тексеру үшін құрылған арнайы топтың мүшесімін деген адам Азаттықтың Өзбек қызметіне 22 қазаннан бастап жұмысшыларға жалақылары беріліп жатқанын айтты. Бірнеше жұмысшы Азаттықтың Өзбек қызметіне үш ай бойы алмаған жалақыларын ала бастағанын растады.

Кейбір жұмысшылар Азаттықтың Өзбек қызметіне наразылықты басу үшін Гузарға арнайы жасақ, әскерилер және полицейлер келгенін айтты.

Наразылық кезінде зардап шеккен я қаза тапқандар туралы ресми хабар жарияланған жоқ.

Аты-жөнін атамауды сұраған жұмысшылардың бірі Азаттықтың Өзбек қызметіне оқиғаның себебін айтып берген. Оның сөзінше, 20 қазанда жұмыс беруші Enter Engineering компаниясы жұмысшыларға кешкі ас бермеген. Бұл онсыз да жалақысын алмай жүрген жұмысшыларды ашуландырған.

Ташкентте орналасқан компанияның ресми өкілі Азаттықтың Өзбек қызметіне "асхананың электронды құлыптау жүйесі істемей қалғандықтан, жұмысшылар есікті аша алмай, содан бүлік шығарған" деген еді.

22 қазанда зауыт жұмысшысы Азаттыққа жалақы мен тамақтан бөлек карантин шектеулері де наразылыққа түрткі болғанын айтқан. Оның сөзінше, компания басшылығы карантинді желеу етіп, жұмысшыларды ұзақ уақыт үйлеріне жібермеген.

Өзбекстан бас прокуратурасының өкілі Хает Шамсутдинов журналистерге зауыттағы жағдай бойынша тексеріс жүріп жатқанын мәлімдеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG