Accessibility links

Коронавирус пен соған ұқсас пневмониядан 15 адам қайтыс болды


Коронавирустан қайтыс болғандарды жерлеуге арналған зират. Қараой ауылының маңы, Алматы облысы, 29 мамыр 2020 жыл.
Коронавирустан қайтыс болғандарды жерлеуге арналған зират. Қараой ауылының маңы, Алматы облысы, 29 мамыр 2020 жыл.

16 қаңтар күні коронавирус пен соған ұқсас пневмониядан 15 өлім тіркелді. Оның 11-і вирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталған науқас болса, төртеуі диагнозы ауру белгілері бойынша қойылған науқас болды.

Қазақстан үкіметі індет басталғалы тек ПТР тесті оң шыққан адамдарды ғана коронавирус статистикасына қосып келеді. Алайда 1 тамыздан бастап ПТР тесті оң нәтиже бермеген, бірақ ауру белгілері бойынша коронавирусқа ұқсайтын пневмония есебін жүргізе бастады.

Вирус жұқтырғаны ПТР тестімен анықталған науқастар арасында барлығы 2408 адам қайтыс болған. Бұл статистикаға коронавирус жұқтырғаны расталған, бірақ "ілеспе аурудан қайтыс болды" деген жүздеген адам кірмей қалған.

Ал коронавирус пневмониясы науқастары арасында 1 тамыздан бері 538 адам көз жұмған.

Қазақстанда коронавирус жөніндегі ресми дерекке күмән келтіретіндер көп.

Жаз айларында шығу тегі белгісіз вирустық пневмония өршіді. Жергілікті мамандар мұның коронавирус екенін айтты, билік ПТР тесті теріс шықты деп пневмонияны коронавирус деп қарастырудан бас тартты. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, 1 қаңтар мен 2 тамыз аралығында пневмониямен 256 541 науқас тіркелген, бұл өткен жылдың жеті айлық көрсеткішінен 3,3 есе көп болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG