Израильде коалициялық үкіметтің жаңа құрамы бекітілді. Үкіметті 12 жыл басқарған Биньямин Нетаньяхудың премьерлігі осылайша аяқталды. Бұрынғы премьердің өкілет мерзімі бұған дейін бес рет ұзартылған еді. Ол бұл қызметте ең ұзақ отырған адам.
Келесі үкіметті бұрынғы қорғаныс министрі, оңшыл Нафтали Беннет басқарады. Коалициялық кабинетке Яир Лапид жетекшілігіндегі центристік партия мүшелері кіреді.
Дауыс беру алдында Беннет кнесетке қайырылып, Нетаньяхуға қызметі үшін алғыс айтты.
Нетаньяхудың жақтастары және "Ликуда" депутаттары айғайлап, Беннетті тоқтатпақ болды.
Екі ультраоңшыл діни партия өкілдері "дауыс беру процедурасына кедергі келтіргені үшін" отырыс залынан шығарылды.
ПІКІРЛЕР