Accessibility links

Танымал тәжік құқық қорғаушысына алаяқтық бабы бойынша айып тағылды


Құқық қорғаушы Иззат Амон.
Құқық қорғаушы Иззат Амон.

Тәжікстандық құқық қорғаушы Иззат Амон Ресейдегі тәжік мигранттарын 630 мың рубльге алдап кетті деп мәлімдеді Тәжікстанның бас прокуратурасының өкілі Шариф Курбонзода.

Оның сөзінше, Иззат Амонға қарсы 12 адам арыз жазған. Олар 2014 жылдан 2020 жылға дейін "қылмыстық жауапкершіліктен босату", "уақытылы тіркелу" және "депортациялау туралы сот шешімін жою" үшін Амонға ақша бергенін, бірақ ол ешқандай жәрдем бермегенін айтқан.

Шариф Курбонзода Иззат Амонның туыстары 5 мың рубль көлемінде өтемақы төлеп бергенін айтады. Бірақ өткен айдың соңында қамаудағы Иззат Амонның туыстары арыз жазғандардың бірінің жақын туысына 10 мың рубль төлеп бергенін жеткізді.

"Алаяқтық айыбы негізсіз екеніне қарамастан, біз арыздарда көрсетілген шығындарды төлеп беруге дайынбыз. Бірақ тергеушілер арыз иелерімен бетпе-бет жолықтырудан бас тартып жатыр" деген олар.

Ресейде Амон 25 наурызда ұшты-күйлі жоғалып кеткен, екі күннен соң Тәжікстаннан табылған.

Мәскеуде Тәжіктер орталығын басқарып жүрген 48 жастағы Амон ұсталғанға дейін Ресейдегі азаматтарының құқықтарын қорғай алмай жүргені үшін тәжік билігін бірнеше рет сынаған. Ол жетекшілік ететін ұйым Ресейдегі мигранттарға заңды кеңес береді, кейде қаржылай да жәрдем беріп келген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG